Дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастың жай күйі туралы айтты

1204

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адамның елордада анықталғанын хабарлады.  

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастың жай күйі туралы айтты

Миланнан келген қазақстандық Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталықтың карантиндік стационарында жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

"Отандасымыз наурызлың 12-сі күні Милан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілді. Өйткені, Италия коронавирустық инфекция қаупі бойынша бірінші санатқа енгізілген. Осыған байланысты кеше таңғы 8:25-те ҚР азаматы рейстен түсіріліп, біздің стационарға жеткізілді. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталықтың карантиндік стационарында жатыр. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеу хаттамасына сәйкес, әйелден биоматериал алынып, Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасына жіберілді. Бүгін зертхана нәтижесін алдық және қазақстандық әйелден коронавирустық инфекция табылды. Қазіргі уақытта науқас денсаулығына еш шағым түспеді, бірақ инфекция табылғандықтан, емдеу шаралары басталды. Ол желдеткіші бар бір адамдық палатада жатыр", –  деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, науқаспен бірге ұшып келген  90 жолаушыға қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарласып жатыр. Сәуле Қисықова олардың тез арада дәрігерлерге қаралып, жағдайды бақылауға алу керектігін ескертті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу