Дәрігерлер қызылордалық науқастан сирек кездесетін түзілім алды

99

Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасында құрсақ қуысы артындағы үлкен түзілімді алып тастау бойынша ерекше ота жасалды.  

Дәрігерлер қызылордалық науқастан сирек кездесетін түзілім алды Фото: ӘМСҚ Қызылорда облыстық филиалы

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облыстық филиалы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күрделі отаны хирургтар Жасұлан Баймаханов, Ербол Серікұлы, Әсет Жалмағанбетов жасады. Дәрігерлер мұның өте сирек кездесетін түзілім екенін айтады. Мұндай жағдай барлық бүйрек ауыратын науқастардың 1%-ында ғана кездесетін көрінеді.

– Пациент емін жүйелі түрде жалғастырса, мұндай түзілім қайтадан пайда болмайды. Отаның құны – 310 мың теңге, елімізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен тегін жасалады. Мысалы, көршілес Өзбекстанда мұндай отаның 90%-ын науқастың өзі төлейді, – деді аурухана директорының орынбасары Ербол Серікұлы.

56 жастағы Алтынбек Фазыловты бүйрегі мазалап жүргеніне біраз болған. Соңғы 5 жылда дәрігерлер ондағы түзілімді алу үшін үш рет ота жасапты. Жуырда облыстық аурухана хирургтары құрсақ қуысы артынан 25 сантиметрлік түзілім алды.

 – Белім жиі ауырып, аяқтарым қатты ісіп үнемі мазам болмайтын. Ота жасатып едім, қазір жақсымын. МӘМС арқылы тегін ем алып жатырмын – деді Алтынбек Фазылов.

Ал жақында отандық медицина тарихында тұңғыш А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы базасында профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен трансплантолог дәрігерлер командасы бүйректі үштік айқас трансплантация жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу