Дәрігерлер лифт шахтасына құлаған адамды операцияға дайындап жатыр

2381

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2 адам 15 қабаттан лифт шахтасына құлады. Салдарынан бір адам қайтыс болды. 

Дәрігерлер лифт шахтасына құлаған адамды операцияға дайындап жатыр

Тұрғын үй кешенінің лифтін жөндеп жүрген 39 жастағы монтер оқиға орнында тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, екінші жұмысшы ауыр халде облыстық аурухананың 
жансақтау бөліміне жеткізілді.  

"1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Ол травматикалық шок, бірнеше жерден түрлі жарақат алған. Қазір науқасты операцияға дайындап жатырмыз", – деп нақтылады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу