Дәрігерлер мектеп жиһазына қойылатын талаптарды атады

459

Оқу процесінің тиімділігі үшін ол ыңғайлы, қауіпсіз көпфункционалды болуы керек. 

Дәрігерлер мектеп жиһазына қойылатын талаптарды атады Фото: phonoteka.org

Санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетін мектеп жиһазын пайдалану ұзақ мерзімді өнімділікті қамтамасыз ету, дұрыс физикалық даму, оқушылардың дене бітімі мен көру қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін үлкен маңызға ие. 

Баланың денсаулығы, оның дене мүсінінің дұрыстығы және жалпы омыртқаның жағдайы осыған байланысты. Ыңғайсыз қалыптан және шамадан тыс жүктемелерден омыртқа зардап шегеді. Балалардың ыңғайлы оқушы орындықтарында, барлық оқулықтар мен дәптерлерді орналастыруға болатын кең, ыңғайлы оқушы үстелдерінде отыруы өте маңызды. Дұрыс таңдалған оқу орны сколиоздың дамуына жол бермейді, сонымен қатар көру қабілетін, физикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді және оның эмоционалды жағдайын жақсартуға ықпал етеді, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Мамандар жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу қажет деп есептейді.

Ол үстелдің үстінде қолдың дұрыс орналасуына ықпал етуі, аяқ еденде нық тұруы, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы керек, орындықтың арқасы мен отырғышының арасында бос орын болуы тиіс, орындықта отырған баланың тізесі қысылмауы керек. Яғни, жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс.

Білім беру объектілерін таңбаланған мектеп жиһазымен жарақтандыру және оқушыларды дұрыс отырғызу оқушылардың тірек-қимыл аппаратында патологиялардың пайда болуын болдырмауға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу