Дәрігерлер менингит қаупімен аурухана түскен баланың жағдайын айтты

795

Дәрігерлер менингит қаупімен аурухана түскен баланың жағдайын айтты

Бүгін Астананың балалар инфекциялық ауруханасында менингит қаупімен түскен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды elorda.info.

"29 мамарда сағат 13:00 шамасында Астана қаласының балалар инфекциялық ауруханасының қабылдау бөліміне 3,5 жастағы бала қатты науқастанып түсті. Дәрігерлердің қарауынан кейін балаға менингоинфекция, генерализді форма, менингит" деген алдын-ала диагнозы қойылды. Қазігі күні баланың жағдайы қалыпты, ол ем қабылдап жатыр", - деді қалалық балалар инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Ольга Пушкарева.

Қоғамлық денсаулықты қорғау жөніндегі департамент өкілдері баланың Астанада 14 адаммен байланыста болғанын атап өтті: ол бассейн мен  "Фитнейшин" фитнес-клубына барып, онда шамамен 30 минут уақыт болды.  

Баламен қарым-қатынасқа түскендердің бесеуі – үйіндегі адамдар, қалған 9 адам "Фитнейшен" клубының бассейніне барғандар. Барлық адамдар тексеруден өтіп, қазір профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Дәрігерлерге қаралып, ешкім шағым білдірген жоқ.

Бассейнде дезинфекция жүргізілмейді, себебі бактерия қоршаған ортада тұрақсыз.

Дәрігерлердің айтуынша, ол жерде "жиі желдету және дымқыл тазалау жұмыстары" жүргізіліп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу