Дәрігерлер науқастың денесіндегі 25 сантиметрлік арматураны алды

794

Ер адам асқазандағы темірмен 2,5 жыл жүріп, жуырда ғана мамандар көмегіне жүгінген.  

Дәрігерлер науқастың денесіндегі 25 сантиметрлік арматураны алды

Жедел жәрдем дәрігерлері үшін денедегі бөтен затты алу күрделі ота емес. 54 минут ішінде операциялық бригада тапсырманы сәтті орындап шықты, деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

 "28 қыркүйек күні науқас ауруханаға эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну шағымымен келді. Науқастың айтуынша екі жыл бұрын ол тергеу изоляторында болған, сол жерде арматураны жұтып қойған. Рентгенологиялық диагностика нәтижесінде пациенттің сөздері расталып, ер адамға дереу лапаротомия, гастротомия, денедегі бөгде затты алу бойынша ота жасалынды. Ота сәтті өтіп, науқас палатаға ауыстырылды", – деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің хирургі Темірхан Қожахметов.

Дәрігерлер 2 жылдан аса уақыт бойы асқазандағы металлмен еш шағымсыз өмір сүру бірегей жағдай екенін айтады. Себебі бөгде зат  басқа жерге ауыспай, асқазанның қабырғасына  зақым келтірмеген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу