Дәрігерлер өкпесі 96%-ға зақымданған әйелдің өмірін құтқарып қалды

1497

Науқас Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға коронавирус инфекциясының ауыр түрімен түскен.

Дәрігерлер өкпесі 96%-ға зақымданған әйелдің өмірін құтқарып қалды

Өкпені компьютер томографиясына түсіргенде оның екі жағы да зақымданғаны және зақымдану аумағы 96% болғаны анықталды, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасы. 

"Оған қоса екінші дәрежелі артериялық гипертония асқынған.
Науқас дереу реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 10 күн бойы барлық қажетті медициналық көмек көрсете отырып, жан сақтау бөлімінде науқастың өмірі үшін күресті", – деді басқармадан. 

Ем барысында оттегі беретін аппараттар пайдаланылды. 
Кейін, науқастың жағдайы жақсаруына байланысты бейінді бөлімге ауыстырылды.

"Бүгінде науқас өзін жақсы сезінеді, арнайы тексерулерден кейін учаскелік дәрігердің бақылауында болу ұсынылды", – деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Гүлнар Құлқаева.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу