Дәрігерлер Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен 9 адамның жағдайы туралы айтты

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылған.  

Дәрігерлер Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен 9 адамның жағдайы туралы айтты Фото: baigenews.kz

Дәрігерлер Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету орталығындағы жарылыстан зардап шеккен 9 адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz

"Жарақаттанғандардың барлығы ер адам. Олардың жастары 50 мен 24 аралығында. Төрт адам жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Аталған адамдардың беті, екі қолы, иығы, енді бірінің аяғы мен белін күйік шалған. 50 астағы ер адам жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Ал 46, 30 және 26 жастағы үш науқас үйіне емделуге жіберілді. Бұл адамдардың да жарақаттары ұқсас, беттері мен қолдары күйіп қалған. Ал 33 жастағы ер адамның беті-қолынан бөлек құлақтарын да күйік шалған, алайда ол ауруханаға жатып емделуден бас тартты", – деп хабарлады басқармада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу