Дәрігерлер пойыз басып кеткен адамды аман алып қалды

578

33 жастағы ер адамның аяғы шойын темірде қалып кеткен.

Дәрігерлер пойыз басып кеткен адамды аман алып қалды Фото: ҚТЖ

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 7 қарашада Оралдағы "Белая Казарма" аялдамасы аумағында ер адамның пойыз астына түскенін жеткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

"Мой город" порталы мәліметінше, дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 5 минуттан кейін келіп жеткен. 33 жастағы ер адамның аяғы шойын темірде қалып кеткені белгілі болды. Оқиға орнында дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан соң оны облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді.

"Зардап шеккен ер адамның жағдайы өте ауыр болды, ол көп қан жоғалтып, ес-түссіз болды. Травматолог, реаниматолог, нейрохирург және анестезиологтан тұратын дәрігерлер тобы шұғыл отаға кірісті. Оның аяғын кесуге тура келді. Қазір науқастың жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағалануда, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Ер адам травматолог Қанат Өтегеновке, хирург Ерғали Байкатовқа, анестезиолог Айбек Түрікпеновке, реаниматолог Арман Дүйсәлиевке, анестезист Галина Астоваға, медбике Нұрай Ғазезге алғыс білдіргені де атап көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу