Дәрігерлер полициямен қақтығысты

874

Дәрігерлер полициямен қақтығысты

Боливияда медицина мамандары шеруге шығып, полициямен қақтығысты. Ереуілшілердің арасында кәсіби дәрігерлер, жалпы медицина қызметкерлері мен студенттер бар.

Наразылық шаралары Ла-Пас және Санта-Крус қалаларында болған. Шерушілер үкімет ұсынған жаңа заңға қарсы бас көтерді. Парламент қарауында жатқан ережелер бойынша, дәрігерлер науқасқа физикалық зиян келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Ақ халаттылар "біздің жұмыс тәуекелді қажет етеді, келеңсіздікке кепілдік жоқ, қолымызда тұрмаған қауіп-қатер үшін сотталғымыз келмейді" деп қарсылық танытуда. Айта кетейік, дәрігерлердің ереуілдетіп жатқанына бір айдан асқан. Шерулерге байланысты, барлық жергілікті ауруханалар жабылды. Тек жедел жәрдем қызметтері ғана жұмыс істеп тұр.

Македа Алиага, ереуілші:

"Бұл – диктаторлық! Президент Эво Моралес бізді арандатпасын. Адамдар өте ашулы".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу