Дәрігерлер сауда орталығына келген тұрғындарды ВИЧ инфекциясына тексерді

1000

Дәрігерлер сауда орталығына келген тұрғындарды ВИЧ инфекциясына тексерді

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен емхана дәрігерлері сауда орталығында қабылдау жүргізді. Бұл жолы ақ халаттылар "Мега Планет" ойын-сауық орталығына келушілерді ВИЧ инфекциясына тексерді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Айта кетейік, бұл іс шара "Өз статусыңды біл" атты акция аясында өтуде. Шара барысында терапевт, дерматовенеролог, уролог, гинеколог, ЖИТС-тің алдын алу және оған карсы күрес орталығының мамандары тегiн кеңес беруде.

Дәрігерлер экспресс-тест арқылы орталыққа келген тұрғындарды ВИЧ инфекциясына тексерді. Бұл әдіс арқылы дәрігерлер он бес минуттың ішінде статусын анықтап берді.

Сауда орталығында жүргізілген медициналық тексеру жұмыстары кезінде 100-ден аса тұрғын дәрігердің қабылдауында болған. Ал 50-ге жуық азамат экспресс-тест арқылы ВИЧ статусын анықтады. Жалпы мұндай инфекцияны анықтайтын тексеру жұмыстары 15 — желтоқсанға дейін өзге де қоғамдық орындарда өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу