Дәрігерлер ШҚО шахтасында зардап шеккендердің жағдайын айтты

366

Шахтадағы төтенше жағдайдан кейін екі қызметкерге медициналық көмек қажет болған.

Дәрігерлер ШҚО шахтасында зардап шеккендердің жағдайын айтты Фото: pexels.com

2023 жылдың 11 қазанында ШҚО-дағы шахталардың бірінде тау жыныстары опырылып, оның астында екі адам қалып кетті. Олардың бірі көптеген жарақаттарымен ауруханаға, яғни жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шахтадағы төтенше жағдайдан кейін Ертіс кенішінің екі қызметкеріне медициналық көмек қажет болған, деп жазады YK-news.kz.

"Алдымен табылған бір кенші Глубокое аудандық ауруханасына жеткізілді. Оған қажетті диагностикалық процедуралар көрсетілді. Науқасты хирург тексеріп, ер адамда ауыр жарақат жоқ екенін нақтылады. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болғандықтан, ол үйіне жіберілді. Қазір ол амбулаториялық деңгейде ем-дом алуда. Екінші кеншіге келетін болсақ, ол Өскемендегі облыстық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Оған жарақат және көптеген сырылу, гематома деген диагноз қойылды", – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу