Дәрігерлер туралы телевизиялық бағдарлама іске қосылды

2091

​Бағдарламаның мақсаты – еліміздегі медицина имиджін көтеріп, қазақстандық дәрігерлердің қызметіне қолдау көрсету. 

Дәрігерлер туралы телевизиялық бағдарлама іске қосылды

Bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жобалық атауы "Ауру тарихы" – Case history атты жаңа телевизиялық жобаны іске қосты, деп хабарлайды elorda.info.

​Бағдарламаның мақсаты – еліміздегі медицина имиджін көтеріп, қазақстандық дәрігерлердің қызметіне қолдау көрсету. Бағдарламаға дәрігерлердің көмегіне жүгінген науқастар кейіпкер болады.

"Жаңа бағдарламада медицина қызметкерлерінің жұмысы көрсетіледі. Соңғы кезде дәрігерлердің жұмысын жиі сынға алу көбейіп кетті. Бірақ сынның көбісі негізсіз айтылады. Ал шын мәнінде дәрігерлердің қызметі ауыр. Олар адамдардың өмірі үшін күреседі. Бұл бағдарлама халықтың қастерлі мамандық иелеріне деген көзқарасын өзгертіп, дәрігерлердің беделін арттырады деп сенемін", – деді Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы К.Надыров.

Пилоттық жобаны алдағы уақытта отандық телеарналардың эфирінен көрсетіп, көрермендердің назарына ұсыну жоспарлануда. Сондай-ақ хронометражды бағдарлама аптасына бір рет қазақ және орыс тілінде шығады.

"Ақпараттық кеңістіктің ұлғаюының арқасында дәрігерлерге деген қысым күшейді. Біздің медицинаны сақтап қалу үшін қоғам санасына адамның ауру тарихында дәрігерлердің ең басты екендігін жеткізу үшін осы бағдарламаны жасадық", – деді терапевт дәрігер, медициналық-ақпараттық порталдың негізін қалаушы Айнұр Тажина.

Бүгінгі таңда порталдағы дерекқорда еліміздің көптеген дәрігерлері, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының үздік дәрігерлері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу