Дәрігерлерден кейін мұғалімдер екпе алады

929

Нұр-Сұлтанда вакциналаудың алғашқы кезеңі 4 ауруханада жүргізілетін болды. 

Дәрігерлерден кейін мұғалімдер екпе алады

Елорда ауруханалары вакцина тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш пен 82 жылу контейнерімен жабдықталды. Орталық коммуникациялар ұызметінде өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осылай деді.

"Қалалық емханалар вакциналарды қоймадан екпе салдыратын мекемелерге тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 жылуы тұрақты контейнермен қамтамасыз етілген. Бастапқы кезеңде вакциналау №2,4,6,9 қалалық емханаларда басталады. Бірінші кезеңде осы ақпан айында тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының және көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері вакцина алады. Одан әрі қарай мұғалімдер, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, ІІМ болып, кезең-кезең бойынша барлық халық қамтылады", - деді деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу