Дәрігерлердің еңбекақысы өседі

1253

Дәрігерлердің еңбекақысы өседі

Қазақстандық дәрігерлерлің еңбекақылары орташа жалақыдан бір жарым есеге артық болмақ. Бұл туралы денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мәлімдеді.

Ел көлеміндегі медициналық мекемелере жұмыс істейтін ақ халаттылардың ең кем дегенде жартысының айлығын осындай межеге көтеру жоспарланған. Ұлттық экономика минстрлігінің дерегі бойынша 2017 жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы мөлшері 149 951 теңгені құраған. Ал мемлекеттік аруханалардағы базалық жалақы 40 мың теңге. Сондықтан 120 мың теңгелік айлық алу үшін дәрігерлерге 1,5-2 есе артық жұмыс істеуге тура келеді деді Айнұр Айыпханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу