Дәрігерлердің қызметі 8%-ға қымбаттап, жалақысы 2%-ға көбейді

867

Дәрігерлердің қызметі 8%-ға қымбаттап, жалақысы 2%-ға көбейді

Дәрігерлер қызметінің қымбаттағанына қарамастан, олардың жалақылары биыл тек 2%-ға өскен, деп хабарлайды Baq.kz.

Биыл І тоқсан ішінде денсаулық сақтау саласы 241,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% аз.

Республика бойынша, көптеген қалаларда қызмет көрсетудің төмендегеніне қарамастан, Алматы мен Астана қалаларында керісінше өсім байқалады. Алматыда бір жылда 1,8% өсіп, 42,8 млрд теңге болды. Астанада 2,4% өсіп, 36,7 млрд теңге болды.

Арнайы дәрігерлерге сұраныс 10,7%, ал тіс дәрігерлеріне 16,8% артқан.

Аурухана қызметі бір жылда 0,2% қысқарған. Ал реабилитация орталықтарының қызмет көрсетуі бір жылда 14%, перзентханалардағы гинекологиялық қызметтер 7,2%, психиатриялық клиникаларда 6,3% өскен.

Мамыр айының нәтижесі бойынша, дәрігердің алғашқы қабылдауы орташа есеппен 2,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4% қымбат. Сондай-ақ тіс дәрігерлерінің қызметі 7,6% қымбаттап, 3,3 мың теңгені құрады.

Мойын тұсына жасалатын массаж бір жылда 8,1 қымбаттап, бір процедураның орташа бағасы 916 теңге болды. Ал шипажайлар қызметі 6% қымбаттап, тәулігіне 9,8 мың теңге болды.

Қан құрамының жалпы анализінің орташа бағасы 5,7 қымбаттап, орташа бағасы 878 теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу