Дәрігерлердің нәрестеден 1 келіден астам ісікті алуға жасаған отасы сәтті шықты

1079

Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін  жасалыпты. 

Дәрігерлердің нәрестеден 1 келіден астам ісікті алуға жасаған отасы сәтті шықты

Алматы қаласында Педиатрия ғылыми орталығының мамандарының нәрестеге жасаған отасы сәтті шықты, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Орталық мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасады. Дәрігерлер шақалақтың денесіне туа біткен 1 келіден астам ісікті алып тастады.

"Ісіктің көлемі аса үлкен, салмағы – 1028 гр. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер бала анасының құрсағында жатқанда 19-шы аптада анықтаған. Ісік терідегі эрозиялық учаскелердің пайда болуын,  тік ішекті қысып, қатты қансырау қатерін туғызған. Жоспарлы операция жасау үшін сәби перзентханадан бірден Педиатрия және балалар хирургиясы  ғылыми орталығына жеткізілді", – делінген баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін  жасалыпты. Өйткені салмағы  3818 грамм болып туған шақалақты алдын ала емге дайындау керек болған. 

Қазір нәресте анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтімге алынды.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, бүгінде баланың жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу