Дәрігерлердің вирус жұқтыруына жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

961

"Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ".

Дәрігерлердің вирус жұқтыруына жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алматылық дәрігерлердің коронавирусты көптеп жұқтыруына жол берген басшылардың жауапкершілігі туралы айтты. 

"Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп. Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет", – деген мемлекет басшысы карантин талаптарынан бір сәтте бас тарту, дертті қайтадан өршітуі мүмкін екенін ескертті.

"Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу