Дәрігерлердің жалақысы орташа айлықтан екі есе жоғары болады

2070

Президент үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұзақмерзімді болжам жасауды тапсырды. 

Дәрігерлердің жалақысы орташа айлықтан екі есе жоғары болады

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол медицина саласындағы кадр мәселесіне тоқталды. 

"Пандемия сирек мамандықтардың дәрігерлерін, эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды және кардиологтарды әзірлеу мәселесін төтесінен қойды. Үкіметке шамамен 10 жылға медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді болжам жасауды тапсырамын", – деген Президент ауылдардағы медициналық көмекке ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

"Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлердегі көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет", – деді Мемлекет басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу