Жуырда дәрігерлердің де жалақысы өсуі мүмкін. Оны ұлғайтудың жолын денсаулық сақтау министрі түсіндірді. Елжан Біртановтың айтуынша, медициналық мекмелерге қатысты жаңа норматив бір айдың ішінде қабылдануы тиіс. Үкімет аталған бастаманы қолдаған. Соның аясында ауруxаналарды біріктіріп, әкімшілік штатты қысқарту есебінен жалақыны өсіру жоспарланып отыр. Ал жаңа нормативке сәйкес, монобейінді, яғни бір саламен шектелетін ауруxаналарды салуға рұқсат берілмейді. Айта кеткен жөн, ауруxаналарды қосқан кезде әкімшілік аппаратты қысқартып, жыл сайын 10,7 млрд теңгеге дейін бюджет қаражатын үнемдеуге болады. Сөйтіп, бұл қаржының басым бөлігі қарапайым дәрігердің айлығын көтеруге жұмсалмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу