Дәрігерлердің жалақысын көтеру ұсынылды

980

Дәрігерлердің жалақысын көтеру ұсынылды

Жұқпалы ауралармен күресетін ақ халаттылардың айлығын көтеру керек. Астанада өткен инфекция саласындағы дәрігерлердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында осындай ұсыныс айтылды. Инфекция жұқтыру қауіпі аса жоғары жандар осы саланың мамандары екен. Оларға психикалық және эмоциялық қысым көп түседі. Дәрігерлердің мұндай уәжін тыңдаған Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәселені үкімет деңгейінде көтеруге келісті. Сондай-ақ, аталмыш салада білікті мамандар мен зертханалар да жеткіліксіз, -дейді дәрігерлер.

Бақыт Көшерова, ҚММУ проректоры: "Әрбір аймақта өзінің зертхана қызметімен айналысатын орталығы болуы керек. Үлкен қалалардағы лабороторияларға бару үшін көп уақыт пен қаржы кетеді. Онда зерттеу жүргізу бөлек әңгіме. Сондықтан әр өңірде бір-бір зертхана болса ол барлық жағынан тиімді болмақ".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу