Дәрігерлерге бір реттік төлем беріле бастады

872

Өңірлер бойынша бір реттік өтемақыны алуда Алматы мен Ақмола облыстары алда тұр. 

Дәрігерлерге бір реттік төлем беріле бастады

Елімізде 776 медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және коронавирустық  пневмонияны жұқтыруына байланысты бір реттік төлем алды. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Бұдан бөлек, осы індет салдарынан қайтыс болған үш дәрігердің отбасына 10 млн теңге жәрдемақы аударылды. Аталған ақ халаттылардың барлығы   COVID-19  кеселімен күреске тартылғандар.  

Өңірлер бойынша бір реттік өтемақыны алуда Алматы мен Ақмола облыстары  алда тұр.  Онда 79 медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден берілген. Үшінші орында Алматы қаласы, 74 дәрігерге өтемақы төленген. Одан кейінгі орындарда, Нұр-Сұлтан 69 және Батыс Қазақстандағы 67 медқызметкер төлемақы алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу