Дәрігерлерге коронавирус МРТ-дан өтуге келген науқастан жұққан

727

Алматы бойынша коронавирусқа инфекцияның бар-жоқтығына 18 мың 230 адам тексерістен өткен. Оның 2 мыңнан астамы дәрігерлер.

Дәрігерлерге коронавирус МРТ-дан өтуге келген науқастан жұққан

Алматы Орталық клиникалық ауруханасының мамандарына коронавирустық инфекция жұқтырған адам наурыздың соңында МРТ-дан өтуге келген науқас болып шықты, деп мәлімдеді Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

"Ол наурыздың соңында МРТ-ге келген азамат. Кейін ол бөлім дәрігері мен медбикемен байланысқа түскен. Біз коронавирустық инфекция жұқтырғандарды анықтау шараларын жүргізіп жатырмыз және ары қарай да жүргіземіз. Мақсатымыз инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау. Олардың кейбірін біз білмейміз. Ал кей адамдарда ешқандай ауру белгісі байқалмайды. Ондайларды анықтап, емдеуіміз керек", – деді Айзат Молдағасымова.

Жалпы Алматы бойынша коронавирусқа инфекцияның бар-жоқтығына 18 мың 230 адам тексерістен өткен. Оның 2 мыңнан астамы дәрігерлер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу