Дәрігерлерге наурыз айы үшін үстемеақы төлеуге 5,2 млрд теңге бөлінді

1124

Қаржы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленеді.  

Дәрігерлерге наурыз айы үшін үстемеақы төлеуге 5,2 млрд теңге бөлінді

Дәрігерлерге наурыз айы үшін үстемеақы төлеуге 5,2 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінде елдегі барлық медициналық мекеме аталмыш қормен тиісті келісімді бекіткен. Қаражат сала мамандарының карталарына 8-ші сәуірден бастап аударылуда. Әзірге 5 өңір қамтылған. Ал үстемеақыны тағайындауды арнайы комиссия шешетін болады. Оның құрамында әр аймақтың бас санитарлық дәрігерінен бастап, "Нұр-Отанның" өкіліне дейін бар. Үстемеақы 3 санат бойынша беріледі.

Алғашқысы – 850 мың теңге, екіншісі – 425 мың, ал үшінші топ – 212 мың 500 теңгеден жұмыс істеген уақытына сәйкес алады. Қаржылай демеуге барлығы медицина саласының 30 мың маманы ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу