Дәрігерлерге үстемақы төленуге тиіс

1152

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Раманқұлов осындай бастама көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дәрігерлерге үстемақы төленуге тиіс

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қауіпті аймақтағы жұмысы мемлекеттік орган тарапынан тиісінше бағаланбай отырғанын тілге тиек еткен депутат пандемиямен күрес кезінде жүздеген дәрігер қайтыс болғанын баяндады.  

"Медицина саласының қызметкерлері адамдарды өз денсаулығына ғана емес, сонымен қатар жақындарының денсаулығына қауіп төндіру арқылы құтқарды. Олар ковидтік аймақта жұмыс істеп, вирустың тасымалдаушысы болды", – деді Мақсат Раманқұлов Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында. 

Депутат Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге төленетін үстемақыны 1 қазаннан бастап алып тастағанын еске салды. 

"Министрліктің мәліметінше, дәрігерлер мен медбикелерге үстемеақы орнына 7 мамандық және 3 тәуекел дәрежесі бойынша қосымша төлем енгізіледі. Дегенмен медицина қызметкерлері қандай қосымша төлемге құқылы болатынын білмей отыр. Дәрігерлер олардың көпшілігінің денсаулық сақтау саласында одан әрі жұмыс істеу туралы шешімі осыған байланысты екенін жасырмайды. Медицина саласының қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ережелерде қосымша төлем ең лас және аз жалақы алатын жұмыстарды атқаратын медбикелерге қолданылмайтынына алаңдайды. Ережеде коронавирус жұқтырған және науқастармен тікелей байланыста болған емхана қызметкерлеріне берілетін жәрдемақы туралы ештеңе айтылмаған, –  деді Мақсат Раманқұлов.

Оның сөзінше, дәрігерлерге үстемақы төленуге тиіс немесе олардың жалақысын жоғарылату қажет. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу