Дәрігерлер ЖРВИ деп үйіне қайтарған жігіт менингиттен көз жұмды

911

Дәрігерлер ЖРВИ деп үйіне қайтарған жігіт менингиттен көз жұмды

Алматыда менингококк жұқпасынан 27 жастағы өрт сөндіруші жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олжас Сүлейменов 2 маусымда дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырып, ауруханаға жеткізілген.

"2 маусымда күні бойы қызуы көтерілді. Ол жай тұмау шығар деп мән бермеді. Кешке жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырдық. Алайда, таңға жуық қайтыс болып кетті", - деді Олжастың туған ағасы Ерболат.

Марқұмның жақындары жерлеу шарасын бүгінге жоспарлаған болатын. Алайда, олар марқұмның денесін мәйітханадан ала алмай жатыр. Мүрде сараптамаға жіберілген.

Ағасының айтуынша, Олжас ауырған бетте жедел жәрдем шақырған. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында оған жұқпалы респираторлы вирус деген диагноз қойылып, антибиотик алып үйіне қайтарылған. Үйіне жеткізілген Олжастың жағдайы одан әрі нашарлаған соң түнде жігітті қайтадан ауруханаға алып кеткен. 3 маусымда таңға жуық жігіт қайтыс болып кетті.

Досының айтуынша, Олжас қалалық ТЖД өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, қазір жұқпалы аурулар ауруханасында Олжаспен байланыста болған адамдар да бақылауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу