Күніне жоқ дегенде 10 дәріхана соңғы тауарларын сатып, жабылғалы жатқанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан дәріхана қауымдастығы елдегі кішкентай дәріханалар бәсекелестікке шыдай алмай, нарықтан бірінен соң бірі кетіп жатқанын айтады.
Бизнес әлемінің ауыртпалығы әсіресе қала сыртындағы, ауыл-аймақтағыларға қатты білініпті.
Бұған Денсаулық сақтау министрлігінің тоқтаусыз салып жатқан тыйымдары себеп екен. Ал, бұлай жалғаса берсе, нарықты тек өз талаптары мен бағаларын қоятын олигархтар басып алады деген қауіп бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу