Объективті бағалау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері ең сұранысқа ие 70 препараттың құнын талдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тізімге қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары препараттары, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуге арналған заттар кірді.
Реттеудің жаңа тәртібі енгізілгенге дейінгі және соңғы екі айдағы бағаларды салыстыру кезінде препараттар құнының төмендеуі орта есеппен 12%-ды құрады.
Бұл бағаны реттеу шаралары қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беретінін білдіреді:
- дәрі-дәрмектер қол жетімді болады;
- баға үстемелері теңестіріледі;
- дәріхана желілері белгіленген қағидаларды ұстанады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу