Дәріханаларда кезек байқалмайды – "ГаухарТас" дәріханалар желісінің директоры

723

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету бойынша өндіруші зауыттармен, жеткізушілермен және дәріханалармен бірлесіп күшейтілген шаралар қабылдануда.

Дәріханаларда кезек байқалмайды – "ГаухарТас" дәріханалар желісінің директоры

Бұған дейін дәріханаларда шынымен де кезек болды, дегенмен жағдай тұрақталған. Бұл туралы "ГаухарТас" дәріханалар желісінің директоры Гаухар Исабекова айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Соңғы 1-2 күннен бері үлкен кезектер жоқ. Әлеуметтік қашықтық та сақталуда, қалада ауа райы жылы болғаннан кейін, қауіпсіздік мақсатында дәріханаға 1 адамнан ғана кіргізуге шешім қабылданды", – деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, дәрілік құралдар мен препараттарды жеткізу мәселесі де атап өтілді. Аталған жұмыс әкімдікпен бірлесіп жасалған.

"Коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында сұранысқа ие дәрілік препараттар фирмаға келіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігімен жасалған қосымша келісім бойынша кеше парацетамол алдық. Бұған дейін 3 күн бұрын жеткізіліп еді", – деп хабарлады Гаухар Исабекова.

Соған қарамастан, дәріханаларда парацетамолды бір қолға 2 данадан береді. Бұл бір жерде аталған дәрімен шамамен 250 адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта парацетамолды жеткізу көлемін ұлғайтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу