"DariKz" қосымшасы іске қосылды

901

 Аталған мобильді қосымшадан Қазақстан аумағында тіркелген дәрілер туралы толық ақпарат алуға болады.

"DariKz" қосымшасы іске қосылды

Елімізде дәрі-дәрмек іздеуге арналған жаңа "DariKz" қосымшасы іске қосылды, деп жазды atr.kz.

Сала мамандарының айтуынша, мұнда дәрінің түпнұсқалығын тексеруге де болады. Дәрінің қаптамасын тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілген бетінен суретке түсіріп алу керек. Іздеу нәтижелері шығатын бетте нақты тіркеу нөмірімен дәрілік препарат туралы толыққанды ақпарат пайда болады. Бұл қызмет іске қосылғалы бері тұрғындарға бұрынғыдай дәріні қолдану нұсқаулығын сақтаудың да қажеттілігі жоқ.

Портал құрастырушыларының айтуынша, алдағы уақытта қосымшада дәрілердің денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағалары да орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу