Бұл мақсатта DariKZ мобилді қосымшасы жұмыс істеп тұр, деп жазады inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жағымсыз реакциялар туралы кенеттен пайда болған хабарламалардың мониторингі бізге медициналық препараттардың қауіпсіздігі жөніндегі дабылдарға уақтылы жауап беруге және объективті бағалауға және тиісінше препарат туралы ақпаратты жаңартудан бастап, соның ішінде кейбір сыни жағдайларда препаратты нарықтан қайтарып алуды қоса алғанда, уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді", – деді Денсаулық сақтау өнімдерінің қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын фармакологиялық қадағалау және мониторинг департаментінің басшысы Мәлік Әбдірахманов.
Ведомство препаратқа жағымсыз реакция туралы қалай хабарлауға болатынын түсіндірді.
Бірінші әдіс – дәрігерге немесе фармацевтке барып, туындаған асқынулар туралы хабарлау. Мұндай жағдайда дәрігермен бірге www.ndda.kz сайтында жағымсыз реакция туралы карта-хабарлама толтырасыз. Екіншісі – дәрі өндірушісіне хабарласу. Ең оңай әдіс – IOS және Android платформаларында DariKZ мобильдік қосымшаны пайдалану. Қолданбаның интерфейсі өте қарапайым және мұндай хабарламаны жіберуге 2-3 минут кетеді.
"Қосымшаны орнатқаннан кейін "сары карталар" бөлімін ашып, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру керек. Кері байланыс үшін байланыс мәліметтерін көрсетіп, хабарлама жіберуіңіз керек. Ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына тікелей келіп түседі", - делінген хабарламада.
Жыл сайын ДМБСҰО-ға дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялары немесе күтілетін терапиялық әсердің болмауы туралы 3 мыңға жуық карта-хабарлама келіп түседі.