Darknet-те жалған вакцинация серитификаты сатылып жатыр – сарапшы

811

Мамандар мұндай жарналамарға сенбеуге кеңес береді.

Darknet-те жалған вакцинация серитификаты сатылып жатыр – сарапшы

Алаяқтар darknet-те еупопалық вакцинация серитификатын орташа есеппен 300 долларға (128 608 теңге) сатып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Kaspersky дерегінше, жалған коронавирусқа қарсы еуропалық вакцина сертификаты сатылатыны туралы darknet-те бірнеше хабарландыру жарияланған. Оның орташа бағасы – 300 доллар (128 608 теңге). 

"Алаяқтар клиент жалған вакцинация серитификатын сатып алған жағдайда оның дерегі базаға енгізіледі, бірегей QR-код беріледі деп сендіреді. Сатып алушы вакцинация елін және вакцина өндірушісін таңдай алады: AstraZen eca, Pfizer, Johnson&Johnson, Moderna. Сертификаттың өзі Шығыс Еуропа елдерінің бірінде шығарылады екен", – деп жазылған хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жарнамалар негізінен пайда табуды көздейді. Алаяқтар QR-код пен барлық дерегі бар электронды құжат форматында жіберіледі деп уәде беріп отыр. Олар вакцинация серитификатының түпнұсқалығын CovPass, CovidCheck, Corona Warn сынды ресми қосымшалар арқылы тексеруге болатынын айтады. Кейбір жағдайда төлем кез-келген криптовалютада қабылданады деп көрсетілген. Хабарландыру ағылшын және орыс тілдерінде орналастырылған.

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Дмитрий Галовтың пікірінше, алаяқтар коронавирус пандемиясы кезінде осылай ақша табуды көздеп отыр.

"Биыл наурызда біз COVID-19-ға қарсы шетелдік вакцинация серитификатын сату туралы хабарландыруларды (darknet-тен) көрдік. Кейін бұл тақырыпқа қызығушылық айтарлықтай төмендеді. Енді алаяқтар адамдардың әлем бойынша еркін қозғалуын "ескеріп", ақша табуды көздеп отыр. Өйткені кейбір елдерде тиісті құжаттары жоқ адамдарға кіруге шектеулер енгізілген. Біз көлеңкелі алаңдардан кез-келген өнімді сатып алмауға кеңес береміз. Мұндай жарнамалар алаяқтықтың бір көрінісі болып саналады", – деді сарапшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу