Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болды

229

Бүгін, 23 қазанда Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімімен Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болды Фото: gov.kz

Дарын Дүйсембайұлы Индер ауданында туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болған.

2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал, 2021-2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған. Осы тағайындауға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу