"Дарын" сыйлығын беру ережелеріне өзгерістер енгізіледі

486

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген құжатта айтылған. 

"Дарын" сыйлығын беру ережелеріне өзгерістер енгізіледі Фото: GOV.KZ

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларына өзгерістер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz. 

"Журналистика және қоғамдық қызмет" бағытының атауы "Журналистика және креативті бастамалар" болып өзгереді. Бұдан бөлек "Қоғамдық қызмет" номинациясы "Креативті бастамалар" деп аталатын болады.

"Креатив өте сұранысқа ие. Өңірлердегі бастамаларға жүйелі желілік қолдауды кеңейту, жергілікті жобаларды анықтау және көтермелеу бойынша түрлі бағдарламалар жүргізу, олардың ең жақсыларына әлеуметтік әсерлерді іске асыруға және оларға қол жеткізуге көмектесу маңызды", - делінген құжатқа қоса берілген салыстырмалы кестеде.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы номинациялары:

  • Әдебиет;
  • Ғылым;
  • Дизайн және бейнелеу өнері;
  • Журналистика;
  • Классикалық музыка;
  • Креативті бастамалар;
  • Спорт;
  • Театр және кино;
  • Эстрада;
  • Халық шығармашылығы.

Сонымен қатар сыйлықты беру уақыты да өзгермек. Уәкілетті орган комиссия шешімі негізінде 10 желтоқсанға дейін сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды. Осыған дейін бұл 15 қазанға дейін болған.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы бұйрық Республика күніне емес, енді Тәуелсіздік күніне орай БАҚ және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Осылайша сыйлықтар Тәуелсіздік күніне орайластырылатын марапаттау рәсімінде салтанатты түрде беріледі.

Ақшалай сыйақы лауреаттың банк шотына 20 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аударылады.

Құжатты көпшілік талқылау 17 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу