Дарынды балалар 437 медаль жеңіп алды

737

Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Асхат Аймағамбетов "Мың бала" жобасы жалғасатынын жариялады. 

Дарынды балалар 437 медаль жеңіп алды

Министр жоба өте жақсы нәтиже көрсеткенін айтты, деп хабарлайды іnbusiness.kz тілшісі.

"2020 жылы еліміздің дарынды балалары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 437 медаль жеңіп алды. Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі "Мың бала" жобасын іске асыру жалғасады. Ол өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр",– деді Асхат Аймағамбетов.

Министр өңірлердегі таланттарды табу және таныту жолындағы жоба білім жүйесіне оң әсер ететініне назар аударды.
Оның ойынша, білім беру жүйесін түрлі бағыт бойынша дамыту қажет. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу