Дарынды балаларды қолдауға ерекше назар аударылады

845

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық Олимпиада жүлдегерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысының алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Дарынды балаларды қолдауға ерекше назар аударылады

Бейресми кездесуде оқушылар министрге жеңіске жету жолындағы қызықты оқиғаларын әңгімелеп, ұсыныстарын жеткізді. 

Айта кетейік, биыл ірі халықаралық жарыста оқушылар 26 медаль жеңіп алды. Оның 2-і – алтын, 13-і – күміс, 11-і – қола медаль болды. Бұл туралы министр: "Медаль көрсеткіші бойынша соңғы жылдардағы рекорд жаңартылды", – деді. 

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, биыл олимпиаданың республикалық кезеңі электронды форматта өтті. Бұған қоса академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданды.

"Дарынды балаларды қолдау мәселесіне келетін болсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша министрлік кешенді шешім әзірлеп жатыр. Мен Олимпиада қатысушыларының мұғалімдеріне, ата-аналары мен жаттықтырушыларына алғыс айтқым келеді. Білім және ғылым министрлігі оқушыларымыздың биік белестерді одан әрі бағындырып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты деңгейде танытуына жағдай жасауды жалғастыра береді", – деді білім және ғылым министрі 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу