Асхат Аймағамбетовтің бастамасымен ұстаздарға тағы бір жақсылық жасалатын болды

1568

Елімізде жарыстарда озат болған оқушылардың ұстаздарына бір реттік сыйақы беруді заңдастыру мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асхат Аймағамбетовтің бастамасымен ұстаздарға тағы бір жақсылық жасалатын болды Фото: sputnik.kz

 Өткен жылы біз ең беделді халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантпен оқуға түсу мүмкіндігін беру туралы заңды қабылдадық. Оған қоса, "Болашақ" бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде шетелдердің озық университеттеріне түсу құқығын бердік. Енді біз қарастырып отырған заң жобасында сол дарынды балаларды дайындаған ұстаздарға бір реттік сыйақы беру туралы норма енгізіліп отыр,  деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Халық қалаулысының айтуынша, аталған шара жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға және талантты оқушыларды ынталандыру үшін маңызды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қаралып жатыр.

Сонымен қатар, заң жобасында оқушыларға арналған "Ақылман" картасын енгізу қарастырылған.

 Ақылман картасы мектеп оқушыларына мәдени ұйымдарға баруға мүмкіндік береді, осылайша елдің мәдени өміріне араласу деңгейін арттырады. Мұндай бастамалардың шетелдік тәжірибеде сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Мысалы, Франция, Германия, Италия, Испания сияқты елдерде осындай карталармен оқушылар музейлерге, театрларға, көрмелерге және басқа да мәдени нысандарға жеңілдетілген түрде бару мүмкіндігі,  дейді Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу