Дарынды ғылыми қызметкерлер материалдық тұрғыда көтермеленетін болады

581

Ұлттық ғылыми кеңестердің сапалық құрамына қойылатын талаптар күшейтіледі.

Дарынды ғылыми қызметкерлер материалдық тұрғыда көтермеленетін болады

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына Парламенттің бір топ депутатты бастамашы болды. Заң жобасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қаржыландыру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландырудың құқықтық тетігін одан ары жетілдіру көзделеді. Сондай-ақ заң жобасында ұлттық ғылыми кеңестердің сапалық құрамына қойылатын талаптар күшейтіледі. Үздік ғылыми қызметкер атағын беру арқылы дарынды ғылыми қызметкерлерді материалдық көтермелеу шаралары қарастырылады", – деді Мәжілістің жалпы отырысында аталған комитетінің төрағасы Бейбіт Мамыраев.

Депутаттың атап өтуінше, өзгерістер үш заңға енгізіледі.

"Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, ол бойынша 2020 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі мерзімге қорытынды әзірлеуге дайын",– деді Бейбіт Мамыраев.

Осыдан кейін Мәжіліс депутаттары қаулы жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу