"Орда" тобының мүшесі Дастан Оразбеков Италияның Червия қаласында өткен толық Ironman жарысын сәтті аяқтап, бұл сынақты еңсерген алғашқы қазақстандық әртіс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған жарыс 3,8 шақырым жүзу, 180 шақырым велосипед тебу және 42,2 шақырымдық марафон жүгірісінен тұрады.
Әншінің ресми өкілінің айтуынша, бұл — Дастан үшін тек спорттық жетістік емес, рухани жеңіс пен өз-өзіне қойған үлкен мақсаттың орындалуы. Өнер иесінің сөзінше, өмірге, іске және жақын жандарға деген махаббат адамға кез келген кедергіні бағындыруға күш береді.
Дастан Оразбековтің жетістігі табандылық пен жігердің көрінісі саналады, ал оның ерлігі қазақстандық жастарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандырады.