Қазақстандық футболшы, "Челси" клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.
Бұл бастама халықаралық деңгейде кең қолдау тауып, әлем елдерін жанашырлықты, ынтымақтастықты және азаматтық жауапкершілікті дамытуға үндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу