Отандық фильмдердің авторы, "Дәстүр" фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап береді. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар", – деп жазды актер.
Сонымен қатар Қуаныш Бейсек те тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.
"Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Бірақ жаңа "Қазақфильм" құруға тырысамыз", – деп жазды су жаңа кеңесші.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу