Дәстүрлі нарықтарға астық жеткізуде мәселе жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі

149

Соңғы екі айда 2 млн тонна астық экспорт шығарылды. 

 Дәстүрлі нарықтарға астық жеткізуде мәселе жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі Фото: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден азық-түлік тауарлары санкцияға жатпайтынын айту керек. Қиыншылықтар да бар. Өздеріңіз білетіндей, Ресей Федерациясы жағынан біздің ауыл шаруашылығының бірнеше дақылдарына да шектеуді салды. Енді қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрі өзінің әріптесімен сөйлесіп, мәселені шешудің жолын тапты. Бірінші партия Ресейдің портынан әлемдік нарыққа шықты. Қазіргі уақытты осындай мәселелер жедел шешіліп жатыр", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Тілшілер спикерден "Нақты қандай тауарларды өткізуде қиындықтар туындап тұр?" деп нақтылады.

"Бидай және майлы дақылдар. Қазіргі уақытта дәстүрлі нарықтарға – Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытайға өз өнімдерімізді шығарып жатырмыз. Экспорт көлемін көбейттік. Қыркүйек пен қазан айларын қоса алғанда 2 млн тонна астықты экспортқа шығардық", – деді Азат Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу