Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі оқу форматы мен қашықтан оқу форматы бірдей білім сапасын береді деу шындыққа жанаспайтын пікір екенін мәлімдеді.
"Екеуінде айырмашылық бар және болады. Өтірік айтудың қажеті жоқ, барды бар, жоқты жоқ деу керек. Бүгінгі таңда бізге баланың және мұғалімнің денсаулығы маңызды болып тұр. Мұны денсаулық министрлігі айтып отыр. Індет болғаннан кейін осындай форматқа көшуге мәжбүр болып отырмыз. Ата-аналар жағдайды түсінуге тиіс. Қазір бізге білім сапасы қатты түсіп кетпейтіндей жұмыс істеу керек. Пандемия кетеді, жағдай дұрысталады", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу