Даудың басы – қара күзен: Данияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді

629

Данияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді. 

Даудың басы – қара күзен: Данияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді

Елдің Премьер-министрі Метте Фредериксен сайлаудың өтетін күні ретінде 1 қарашаны бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Социал-Либералдық партия Үкімет басшысына қатысты социал-демократтар коалициясының серіктесі жаңа сайлауды ұйымдастырмаса, премьерге сенімсіздік таныту арқылы дауыс беруді бастаймыз деп қорқытты.

"Қауіпсіздік саясатымен, энергетикалық саясатпен, экономикамен байланысты халықаралық дағдарыстың ортасында парламенттік сайлауды өткізудің қажеттілігін түсінбедім, бірақ Дания Парламентіндегі көпшілік дәл осыны қалап отыр. Сондықтан бүгін мен Ұлы Мәртебелі патшайымға Дания Парламентіне сайлауды ұйымдастыру туралы жарияладым", – деді Метте Фредериксен.

Премьер-Министрдің коалиция серіктестерімен жанжалының себебі күзендерді өлтірілуі. 2020 жылы Метте Фредериксен Үкіметі 17 миллион жануарды эвтанизациялау туралы шешім қабылдады, өйткені олардың бірнешеуінде коронавирустық мутация анықталды. 2022 жылдың маусымында арнайы комиссия бұл шешімді заңсыз деп тапты және Данияның күзен өндірісінің жойылуына бірден-бір себеп деп танылды. Пандемияға дейін Дания күзен жүнінен әлемдегі ең ірі экспорттаушы болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу