Дәулет Ниязбеков Қонаев турнирінің күміс жүлдегері атанды

1597

Тараз қаласында еркін күрестен Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.  

Дәулет Ниязбеков Қонаев турнирінің күміс жүлдегері атанды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниябеков бұл жолы да екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дәулет финалда командасы М. Әшіровке жол берді. 65 келідегі қола жүлдені ресейлік балуандар еншілеген. 

86 келідегі Азамат Дәулетбеков ақтық сында ресейлік Магомед Куруглиевтен ұтылып, күмісті қанағат тұтты. Бұл салмақта қазақстандық Н. Көктеубаев қола жүлдегер атанған. 

92 келіде белдескен Азамат Дәулембаев қола жүлдегер атанды. 

Ал 125 келіде сынға түскен Олег Болтин күміске қол жеткізсе, Ю. Батырмұрзаев пен Н. Азов қола медаль тағынды. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орын иеленді.   
 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу