Дәулет Кәрібек "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалды

1015

Осыған дейін Дәулет Кәрібек хатшы қызметін атқарды

Дәулет Кәрібек "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалды Фото: google.com

"AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы тағайындалды", - делінген қаулыда. 

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Саясаттану" мамандығы бойынша PhD докторы.

2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

Сондай-ақ, "Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы"ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу