"Дәулет Сембаев жаңа экономикалық саясаттың жолға қойылуына өлшеусіз үлес қосты"

1163

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дәулет Сембаев жаңа экономикалық саясаттың жолға қойылуына өлшеусіз үлес қосты"

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жеделхат мәтінін жариялады: "Дәулет Хамитұлы зауыт шеберінен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы қызметіне дейінгі үлкен өмірлік әрі кәсіби жолдан өтті. Оның еліміздегі қаржы секторын қалыптастыруға және дамытуға, ұлттық валютаны енгізуге, Тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы реформасын жүргізуге сіңірген еңбегі зор. Ол жаңа экономикалық саясаттың жолға қойылуына өлшеусіз үлес қосты. Парламент Сенатының депутаты, Қаржыгерлер ассоциациясы кеңесінің төрағасы ретінде қаржылық-экономикалық заңнаманы жетілдіру үшін ауқымды әрі тиімді жұмыс істеді".

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Дәулет Сембаевтың зор бедел мен құрметке ие болғанын және жас қаржыгерлер буыны оны үлгі тұтқанын атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу