Дәулет Теміржанов еркін күрестен 57 келіде ел чемпионы атанды

692

Алматыдағы "Дәулет" спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталуға жақын.  

Дәулет Теміржанов еркін күрестен 57 келіде ел чемпионы атанды

Olympic.kz  еркін күрестен 57 келіде жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынады. 

Бұл салмақта Ақмола облысының балуаны Дәулет Теміржанов топ жарды. Ақтық сында ол қарағандылық Жавохир Иристаевты 12:2 есебімен жеңді. 

Қола жүлдені Жамбыл облысының өкілі Рахат Қалжан мен шымкенттік Ғабит Төлепбай еншілеген. 

Осы салмақта Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Нұрислам Санаев 1/8 айналымда жеңіліп, жүлделі орыннан сырт қалды. 

"Жарысқа дайындығымыз жаман болған жоқ. Алдымен физикалық күшті арттыру үшін дайындалсақ, кейін кілемде айқаса бастадық. Карантинге қарамастан, дайындық жақсы болды. Қарсыластарымның бәрі де мықты. Ал осы чемпионаттағы ең қиын белдесуді жартылай финалда өткіздім. Шымкенттік Ғабит Төлепбай өте тәжірибелі балуан. 4:4 есебімен тең түссек те, әдістің сапасына қарай төрешілер жеңісті маған берді. Біздегі басты фаворит Нұрислам Санаевқа келер болсам, кез келген балуанмен күресуге, жеңуге мүмкіндік бар дегім келеді", - дейді осы салмақта чемпион атанған Дәулет Теміржанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу