Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясы Президенті қызметін аяқтады

112

Бұл туралы ол бүгін жұртшылыққа жариялаған арнайы үндеуінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясы Президенті қызметін аяқтады  Фото: Мәжіліс

Қазақстан күрес федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов өзінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. 

Ол бұл қадамды терең алғыс сезімімен қабылдайтынын айтып, соңғы төрт жыл бойы қазақ күресін дамытуға атсалысқан барлық мамандарға – бапкерлерге, спортшыларға, өңірлік федерацияларға, төрешілерге, медицина қызметкерлеріне және серіктестерге алғыс білдірді. Даулет Тұрлыханов осы кезеңде қол жеткізілген маңызды нәтижелерді атап өтті. Оның айтуынша, ел спорты төмендегідей үлкен жетістіктерге жетті: Париж–2024 Олимпиадасының күміс жүлдесі, ересектер арасында 3 әлем чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасынан 3 әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі спортшылардан 4 әлем чемпионы, сондай-ақ 17 жасқа дейінгі жас күрескерлер арасынан 4 әлем чемпионы шықты.

Ол бұл табыстардың барлығы біртұтас команданың еңбегі екенін атап өтіп, қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделі күшейгенін, ірі турнирлер жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашылғанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz.

"Спортта даму сабақтастықпен келеді. Жаңа команда тың идеялар мен серпін әкелетініне сенемін", – деді ол өз сөзінде.

Сонымен бірге Тұрлыханов федерацияның жаңа президентіне табыс тілеп, елге қызмет ету бағыты өзгермейтінін, Қазақстанның дамуына қай салада болсын үлес қоса беретінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу