Дәулет Тұрлыхановтың інісі әйелін ұрған, бірақ сот оны жазаламады

932

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Дәулет Тұрлыхановтың інісі әйелін ұрған, бірақ сот оны жазаламады Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov/

Әнші Рахат Тұрлыханов жұбайына қазан айының басында ұрып-соққан. Әйел құқық қорғау органдарына жүгінді, бірақ бүгін сот отырысынжда екі тарап татуласты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Liter.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Тұрлыхановтар жұбында жанжал 4 қазанда өршіді. Әйеліне қол көтергенін әнші сот отырысында мойындады. Отырыста ұрып-соғу фактісі расталды, ал оның әйелі судьядан істі тоқтатуды сұрады. Тараптар татуласты.

Заңның талаптарына сәйкес 73-2-бап (1-1-бөлім) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен татуласса, сот әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Жұбайының Т. – мен татуласқанын ескере отырып, сот оған қатысты істі тоқтату және әкімшілік жауапкершіліктен босату қажет деп санады, деп хабарланды Алматы сотында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу